Air Astana ұшақтары Иранның аспанын айналып ұшатын болды

92

Кейбір тұрақты және чартерлік рейстердің маршруттық жолдары өзгерді.

Air Astana ұшақтары Иранның аспанын айналып ұшатын болды Фото: AirAstana

Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі Иран әуе кеңістігінің жабылуына ресми хабарлама таратты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Air Astana Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты кейбір тұрақты және чартерлік рейстерінің маршруттық жолдарының өзгерістері туралы хабардар етеді. Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға рейстер Иран әуе кеңістігін айналып ұшады", – делінген ақпаратта.

Әуе компаниясы жағдайды мұқият бақылайтынын мәлімдеді.

"Жолаушылардан рейстердің мәртебесін тексеруді сұраймыз, себебі рейстер кестесінде өзгертулер болады", – деп хабарлады Air Astana.

Айта кету керек, бұған дейін Иран АҚШ-тың ықтимал шабуылы аясында өз әуе кеңістігін жапқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу