Air Аstana ұшқыштарды даярлайтын орталық ашты

385

Бұдан былай қазақстандық ұшқыштар шетелге бармай-ақ, елордада арнайы тәжірибеден өте алады.

Air Аstana ұшқыштарды даярлайтын орталық ашты Фото: Ашық дереккөзден

Air Astana компаниясы Орталық Азияда теңдесі жоқ арнайы орталық ашты. Ол үшін халықаралық стандарттарға сай ұшу тренажерын орнатқан.

Бұл ұшақ кабинасының Қазақстанда баламасы жоқ. Енді Эйр Астана әуе компаниясы ұшқыштарды шетелге жібермей, осы жерде даярлап, біліктілігін арттырады. Бұл ұшу тренажеры Еуропалық авиациялық қауіпсіздік агенттігінің талаптарына толық сай, сертификатталған.

"Осы уақытқа дейін әуекомпаниядағы ұшқыштар түгел шетелде даярланып жүрді. Бұл ұзақ уақыт алып, бағасы жағынан да қымбат болатын. Уақыт өте келе бұл бізге ыңғайсыз және тиімсіз екенін түсіндік. Тренажерға салынған инвестиция - бұл біздің әлі де жоғарылауымызға, алдағы жоспарларымыздың қажеттілігі", - дейді Air Astana әуе компаниясының президенті Питер Фостер.

Бүгінге дейін Air Аstana мен Fly Arystan-ның 500-ден астам ұшқышы әлемнің түкпір-түкпірінде даярланған. Енді бұл кабина оларға елде 24 сағат дайындалуға мүмкіндік береді.

"Әр стимуляция 4 сағат болады, 1 сессияға 4 сағат кетсе, күніне 6 сессия өткізе аламыз. 1 сессияда 2 ұшқыштан өте алады, сонда біз күніне 10-12 адамды қамти аламыз. Қазіргі уақытта Air Аstana, Fly Arystan компаниясының ұшқыштарын  шетелге жібермей, өзіміз кезінде Ташкент, Дубай, Англияға жіберетінбіз. Қазір барлығы теория да, практика да осы Қазақстанның ішінде. Әлем бойыгша мұндай 3 стимулятор бар. Жаңадан шыққан, толығымен қамтылған. Сол үшеуінің біреуі бізде", - деді Air Astana әуе компаниясы департаментінің аға менеджері Индира Төлеуова.

AirBus-321 стимуляторы бұл AirBus-та ұшатын ұшқыштарға арналған. Мұның әуеде ұшатын ұшақтың кабинасынан  еш айырмашылығы жоқ. Басқарылуы да дәл солай.

"Бұл стимуляторда ұшақтағы кез келген келеңсіз жағдайларды қосуға болады. Мәселен гидрожүйе, электро жүйелерді істен шығара аламыз. Кез келген қолайсыз ауа райын, тұман, көктайғақ, боран, ұшу жолағында мұз дегендей... Яғни, экипаждың осындай кездердегі қалай шешім қабылдайтынын, қалай әрекет ететінін бақылап, үйретеміз. Әр ұшқыш, жыл сайын міндетті тренингтерден өтеді. Енді мұны өз астанамызда өтетініміз үшін қуаныштымыз", - деді ұшқыш-нұсқаушы Руслан Аюпов.   

Компания сонымен қатар Апаттық эвакуациялау және Өрт сөндіру тренажерларына инвестиция жасады. Бортсеріктер мен ұшқыштарды оқыту аясында тағы 2 тренажер жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл әуетасымалдаушының алғашқы бастамасы емес. 2008 жылдан бері Ab-initio ұшқыштарды бастапқы даярлау бағдарламасыжұмыс істейді. Одан өзге 5 жыл бұрын Алматыда оқу академиясы ашылған. Алдағы 5 жылда Air Astana компаниялар тобы жыл сайын 100 ұшқыш пен бортсеріктерді жұмысқа алуды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу