"Air China" Қазақстанға қайта ұша бастайды

544

Рейстер Airbus-A320 типті әуе кемелерінде орындалады.

"Air China" Қазақстанға қайта ұша бастайды Фото: google.com

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті ҚХР авиациялық билік орындарымен бірлесіп "Air China"әуе компаниясының Қазақстан мен Қытай арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерін қалпына келтіру мәселесін пысықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz

2023 жылдың 21 сәуірінен бастап Air China әуе компаниясы Бейжің – Сиань –

Астана бағыты бойынша аптасына 3 рет жиілікпен (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) тікелей жолаушылар рейсін орындауды жоспарлап отыр.

Қазақстан тарапынан "Air Astana" әуекомпаниясы ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Астана – Бейжің бағыттары бойынша орындалатын рейстер санын 1 – ден 2 рейске дейін, Алматы – Бейжің бағыттары бойынша 6-дан 7 рейске дейін және Алматы-Чэнду бағыттары бойынша аптасына 1-ден 2 рейске дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр.

Осылайша, елдер арасындағы рейстер саны аптасына 13-тен 19 рейске дейін

ұлғайтылады, оның ішінде қытайлық "China Southern Airlines" әуе компаниясы Астана –Үрімші бағыты бойынша аптасына 2 рейс және Алматы – Үрімші бағыты бойынша 3 рейс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу