Air France алыс рейстер үшін жеке авиакомпания құрмақшы

920

Air France  алыс рейстер үшін жеке авиакомпания құрмақшы

Францияның Air France әуе тасымалдаушысы алыс қашықтықтарға ұшулар жасайтын еншілес компания құрмақшы, деп хабарлайды мекеменің басқармасындағы дереккөзге сілтеме жасаған La Tribune. Жаңа кәсіпорын ресми түрде бүгін жария болады. Air France-тың жаңа басшысы Фрэнк Тернер корпорацияны дамыту жөніндегі жоспарларымен таныстырмақшы, деп жазады "КоммерсантЪ".

Компания еншілес кәсіпорны үшін жаңа бағыттар ашуы мүмкін. Жаңа рейстерде А340 және А350 ұшақтары ұшатын болады, ал олар 2019 жылдан жеткізіле бастайды. Кеше белгілі болғандай, Air France-тың жаңа басшылығына Air France-KLМ бас компаниясының инжиниринг және техникалық қызмет көрсету жөніндегі атқарушы вице-президенті Фрэнк Тернер тағайындалып отыр.

Компанияның директорлар кеңесі төрағасы лауазымын қоса атқарған  бұрынғы басшы Фредерик Гаже екі қызметінен де кетеді. Енді ол Air France-KLM-ның бас қаржы директоры болмақ. Естеріңізде болса,  шілдеде Францияда Air France компаниясының борт серіктері ереуілге шыққан еді. Қызметкерлер еңбек келісімшарттарының мерзіміне келіспеген. Кәсіодақтар келісімшартты үш жылға жасауды талап етті. Ал басшылық болса оның мерзімін бір жарым жылдан асырғысы жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу