"AirAstana" әуе компаниясының ұшқышы ұшар алдында есірткі тұтынған

548

 Ол 2021 жылдан бері есірткіге тәуелді екенін айтқан. 

"AirAstana" әуе компаниясының ұшқышы ұшар алдында есірткі тұтынған Фото: freepik

23 сәуір күні полиция Алматы әуежайынан Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек Әнуарбековті ұстаған. Тергеушілердің мәліметінше, 31 жастағы ер адам мефедрон қолданып, сақтаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қамауға алу кезінде ол есірткіге мас күйінде болған. Ұшқыш мектеп оқушылары арасынан болашақ ұшқыштарды тарту шарасына қатысу үшін Ақтауға ұшпақ болған. 

Ұшқыштың тұрғылықты жерінен пластик құбыр тәркіленіп, одан ұнтақты шөгінділер табылған. Ол 2021 жылдан бері есірткіге тәуелді екенін айтқан. Ұсталғанға дейін бір күн бұрын төрт грамм есірткі қолданған. Соңғы рет 23 сәуір күні таңертең пайдаланған.

"AirAstana" әуе компаниясы жағдайды растап, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын хабарлады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу