"AirAstana" ұшағының екі жолаушысы тырысқақ ауруын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді

227

Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. 

"AirAstana" ұшағының екі жолаушысы тырысқақ ауруын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді Фото: inbusiness.kz

Жолаушылардың айтуынша, Алматыдан Оралға бақыт алған рейс кезінде екі жолаушының дене қызуы көтеріліп, құсқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты “Уральская неделя” басылымына сілтеме жасап.

Ресейлік ер адам мен әйел өзін нашар сезінген соң ұшақ қонғаннан кейін санитарлық эпидемиологтар бортқа көтеріліп тексерген.

“Бізді екі сағат бойы ұшақтан шығармады. Кейін барлық жолаушыны жіберді”, – деді сондағы әйедердің бірі. 

Оралдағы облыстық жүұпалы аурулар ауруханасы екі науқастың келіп түскенін растады. 

“Түнде бізге Ресейдің екі азаматын жеткізілді. Анамнез, эпидемиологиялық анамнез және клиникалық тексеруден кейін олардан тырысқақ анықталмады. Екеуінің де жағдайы қанағаттанарлық. Олар Саратов облысындағы өздерінің тұрғылықты жеріне аттанып кетті”, – деді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу