Airbus Қазақстанда азаматтық және авиация ұшақтарын жөндейтін орталық ашуға ниетті

138

Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.  

Airbus Қазақстанда азаматтық және авиация ұшақтарын жөндейтін орталық ашуға ниетті Фото: primeminister.kz

Роман Скляр Airbus-тың Еуропа бойынша президенті Жоан Пелисьемен авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еуропалық Airbus компаниясы – әлемдегі ең ірі авиакомпаниялардың бірі. Талқылау барысында Роман Скляр Үкіметтің авиация саласын дамыту, оның ішінде әуе кемелері паркін жаңарту бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып өтті. Еліміздің аумағында азаматтық және мемлекеттік авиация ұшақтарын жөндеу мен қызмет көрсету орталығын ашу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.

Кездесу кезінде бірінші вице-премьер еуропалық компания өкілдеріне ынтымақтастықты одан әрі дамытудағы ниеті үшін, сондай-ақ авиация саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективалары үшін алғыс білдірді.

Жиын қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдарға еуропалық компанияның бастамаларын пысықтау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу