Airbus пен BMW компаниялары Ұлыбританияның шешімін күтіп отыр

850

Airbus пен BMW компаниялары Ұлыбританияның шешімін күтіп отыр

Airbus пен BMW компаниялары Ұлыбританиядағы өндірісін тоқтатуы мүмкін, деп хабарлады 24.kz.

Егер Лондон Брюссельмен Еуроодақтан шығу бойынша ортақ келісімге келмесе, француздың Airbus ұшақ жасаушы бірлестігі мен немістің BMW көлік шығарушы компаниясы осы елдегі өндірісін тоқтатады. Бұл туралы қос концерннің ресми өкілдері мәлімдеді.

Ұлыбританияда 14 мың жұмысшысы бар Airbus басшылығы: "Лондон одақтан шықса, қажетті шикізаттың жеткізілуі үзіліп, өндірістің тоқтауына әкеледі", – дейді. Өйткені 28 мемлекет кіретін Еуроодақта үшінші елдерден импортталатын тауарға бірыңғай тариф енгізілген. Бірақ британ үкіметі тараптардың бәріне тиімді келісімшартқа қол жеткізетінін айтады. Бұған дейін премьер-министр Тереза Мэй кеден одағында қалу мүмкіндігі туралы да сөз қозғаған. Ал Ұлыбритания одақтан ресми түрде келер жылдың 29 наурызында шығуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу