АИТВ инфекциясы дендеп тұр: Жылда 3 мыңнан аса адам қауіпті індет жұқтырады

556

Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы мәліметтеріне сәйкес, былтырғы 30 маусымдағы жағдай бойынша елімізде АИТВ жұқтырған 30 мыңға жуық адам тіркелген.  

АИТВ инфекциясы дендеп тұр: Жылда 3 мыңнан аса адам қауіпті індет жұқтырады Фото: yandex.kz

Оның 89,6%-ы (26,9 мың) – 15 пен 49 жас аралығындағы қазақстандықтар, деп жазады inbusiness.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап. 

Ресуртың жазуынша, орталықтың статистикасы 2000 жылдан бері республикада АИТВ-ның таралу деңгейінің жыл сайын өсіп отырғанын көрсетіп отыр.

Аймақтар бойынша сырқаттану деңгейі біркелкі емес. Солтүстік пен шығыс өңірлердегі көрсеткіш республикалық деңгейден айтарлықтай жоғары. Мәселен, ШҚО-да 15-49 жас аралығындағы халық санынан АИТВ жұқтырғандар үлесі – 0,9%, Қарағанды облысында – 0,7%. Ең төменгі көрсеткіштер Ұлытау мен Қызылорда облыстарында тіркелген (0,1%).

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін еліміздің ЖИТС орталықтарында 3-3,5 мыңнан астам пациент қосылған. Былтыр 3,9 мың қазақстандықта АИТВ-тестінің нәтижесі оң болды. Бұл алдыңғы жылға қарағанда 11,5%-ға ратық (3,5 мың). 

Өзге адамға АИТВ-инфекциясын қасақана жұқтыру қылмыстық құқық бұзушылыққа жатады. ҚР Қылмыстық кодексінің 118-бабында айтылғандай, өзiнде АИТВ бар екендiгiн бiлген адам бұл ауруды басқа адамға жұқтырса, 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Егер АИТВ инфекциясы бар адам басқа адамға аурудың бар екендігі туралы ескерткен жағдайда, онда қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Ақпаратқа сәйкес, құқық қорғау органдары жыл сайын АИТВ жұқтырған адамдардың өтініштерін тіркейді. Былтыр инфекция жұқтырған 3,9 мың адамның төртеуі немесе 0,1%-ы ғана өтініш жазған. Алдыңғы бесжылдықта да мұндай өтініштер саны аз болды. Бұл Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті келтірген деректер.

Ресурстың хабарлауынша, мұндай қылмыстық істердің басым бөлігі сотқа жетпейді. Олардың жабылуына көптеген фактор әсер етеді. Соның ішінде дәлелдемелік база бар. Былтыр құқық қорғау органдарында 6 қылмыстық іс жүргізілді. Оның төртеуі 2022 жылы, ал тағы екеуі өткен жылдардан қалған іс. Жыл аяғына дейін сотқа 2 іс жіберіліп, төртеуі жабылған. 

Арыз жазғандардың ішінде әйелдер жиі кездеседі. Ақпаратқа сәйкес, кәмелетке толмағандардың арасында қауіпті індетті жұқтыру жағдайлары да тіркелген. 2019, 2021 және 2022 жылдары АИТВ жұқтырған 9 мектеп, колледж және лицей оқушыларының ата-аналары арызданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу