АИТВ-ны жеңген екінші оқиға тіркелді

1458

Бұл туралы The New York Times басылымы жазды.

АИТВ-ны жеңген екінші оқиға тіркелді

АИТВ эпидемиясымен қырық жылға созылған күресте 35 миллион адамның ішінде тек екеуі ғана жазылып шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

The New York Times басылымының хабарлауынша, дертті жеңген екінші адам туралы сейсенбі күні белгілі болды. Айта кетерлігі, бұл індеттен алғаш рет  толығымен жазылған оқиға осыдан 12 жыл бұрын тіркелген еді.

"Лондон қаласында  АИТВ диагнозы қойылған емделуші жарты жыл бойы вирусқа қарсы терапиядан өтпеген. Яғни, ем тоқтатылған. Бұл кем дегенде ұзақ ремиссияны немесе оның аурудан толық жазылғанын көрсетеді" деп жазады басылым. Дегенмен, мақала авторының жазуына қарағанда, бұқаралық әрі қолжетімді, тиімді терапия туралы айтуға әлі ертерек.

"2007 жылы Тимоти Браун есімді Берлин тұрғыны АИТВ-дан толығымен жазылған болатын. Одан кейін де дәрігерлер осындай нәтижеге қанша талпынғанымен, вирусты жеңу мүмкін болмаған еді", – деп жазады автор.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу