АИТВ жұқтырғандардың 70 пайызы - есірткі қолданатындар

1372

АИТВ жұқтырғандардың 70 пайызы - есірткі қолданатындар

ҚР омбудсмені БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының басшысымен есірткіні тарату мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз-қызметі.

Астанада Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіровтің БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының басшысы Сигне Ротбергамен кездесуі өтті, оның барысында елдегі есірткі және басқа да психоактивті заттардың таралу мәселелері талқыланды.

Бұл проблема медициналық және әлеуметтік қатерлерге, соның ішінде адамның иммундық тапшылығы вирусының (АИТВ) және иммундық тапшылық синдромын (ЖИТС) қоса алғанда таралуына байланысты біршама алаңдаушылық туғызады.

Осы мәселені зерттеумен айналысатын қоғамдық ұйымдардың мәліметтері бойынша, 2017 жылы Қазақстанда АИТВ-ның 2 500-ден астам инфекциясы тіркелді, оның 70 пайызы инъекциялық есірткі қолданатындарға қатысты.

Кездесу барысында әлемдік үздік тәжірибені ескере отырып, осы құбылыстармен күресудің тиімді құралдарын қолдану қажеттілігі туралы ортақ пікір айтылды. Аталмыш контексте С. Ротберга еуропалық елдерде, АҚШ-та, сондай-ақ ТМД елдерінің көпшілігінде белсенді түрде қолданылатын дәрілік заттармен қосалқы терапиянының қолданылуын тиімді шараларының бірі ретінде атап өтті.

Омбудсмен есірткінің заңсыз айналымына және есірткіге тәуелділікті болдырмауға қарсы шараларды өткізудің маңыздылығына көңіл аударып, сонымен қатар оңтайлы халықаралық тәжірибені, оның ішінде құқық қорғау тұрғысынан жан-жақты зерделеу қажеттілігін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық мүдделі мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың жоғарыда аталған міндеттерге қарсы әрекет етудің тиімді тәсілдерін әзірлеуде күш-жігерін біріктіру маңыздылығы аталып өтілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу