АИТВ жұқтыру бойынша еліміздің медициналық мекемелері тексеріледі

422

Қазақстанда соңғы 10 жылда медициналық мекеме жағдайында вирусты жұқтыру алғаш рет тіркелді. 

АИТВ жұқтыру бойынша еліміздің медициналық мекемелері тексеріледі Фото: gov.kz

Алматы қаласының Орталық қалалық клиникалық ауруханасында үш пациенттің АИТВ инфекциясын жұқтыру фактісі бойынша ішкі істер органдары Қылмыстық кодекстің 118-бабының 3-бөлігі (екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтыру) бойынша қылмыстық істі тергеп-тексеруде.

Оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша шаралар қабылдануда.

Бас прокуратура Денсаулық сақтау министрлігіне стационарлық, амбулаториялық-емханалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсететін ведомстволық бағынысты медициналық мекемелерде кешенді тексерулер жүргізу туралы талап жіберді.

Бірінші кезеңде 549 медициналық мекемені тексерулермен қамту жоспарлануда.

Бұл мәселе Бас Прокурордың ерекше бақылауында.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу