АИВ-ке қарсы дәрімен жаңа коронавирусты емдегендер бар

1722

New York Post басылымының дерегі бойынша, Нью-Джерси тұрғыны осындай дәрі қолданғаннан кейін жазылыпты. 

АИВ-ке қарсы дәрімен жаңа коронавирусты емдегендер бар

Ресми мәліметке сүйенсек, Қытай, Таиланд және Жапония елдерінің дәрігерлері науқастарды АИВ-ке қарсы қолданылып жүрген лопинавир және ритонавир деп аталатын препараттармен емдеп шығарған. 

Бірақ бұл дәрі-дәрмектер коронавирусты емдеуге арналған препарат деп ресми түрде мақұлданбады. Вакцина да әзірге жасалмады.  
Қытайлық мамандар малярияға қарсы препарат – хлорохин мен АИВ-ке қарсы Kaletra деп аталатын дәрімен емдеген. 
Бұл препараттар протеаз ингибиторлары санатына жататын – дәрілер. Олар вирустың көбеюін тежейді екен. Бұған дейінгі зерттеу нәтижелері көрсеткендей, Kaletra атипиялық пневмонияның қабынуын тоқтатып, коронавирустың көбеюін тежейді. 

Испанияның El Pais басылымының мәліметіне сүйенсек,елде бірінші болып коронавирус жұқтырған 62 жастағы Мигель Анхель Бенитес Kaletra-ны қолданғаннан кейін жазылған екен. 

Таиланд пен Жапонияның дәрігерлері де COVID-19 вирусымен күресте осы препаратты қолданғанын жариялаған болатын. Таиланд елінің медициналық қызметкерлері Kaletra-мен қатар тұмауға қарсы осельтамивирді науқастарға беріп, екі күннен кейін ауруға шалдыққандар құлантаза жазылған, деп хабарлайды елдің денсаулық сақтау министрлігі. 

Ескере кететін жайт, қазір Қытайда лопинавир мен ритонавирдің коронавирусты емдеудегі тиімділігі мен қауіпсіздігі анықталып жатыр. Ал АҚШ-тың кейбір фармацевтикалық компаниялары бұларды ем ретінде қолдануды бастап кеткен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу