АІВА 2024 жылғы Париж Олимпиадасына дейін ХОК қатарына енуді көздеп отыр

636

Бұл туралы АІВА президенті міндетін атқарушы Мохаммед Мустасан мәлімдеді деп жазады ТАСС.   

АІВА 2024 жылғы Париж Олимпиадасына дейін ХОК қатарына енуді көздеп отыр

Халықаралық бокс қауымдастығы 2024 жылғы Париж Олимпиадасына дейін Халықаралық Олимпиада комитеті мүшелігіне қайта енуді көздеп отыр, деп хабарлайды olympic.kz

Айта кетелік, бұған дейін ХОК президенті Томас Бах АІВА тарапынан қандай да бір алғабасушылықтың жоқ екендігін айтқан болатын. 

"Өткен жыл АІВА үшін табысты болды. Біз ХОК топтарының ұсыныстарына мұқият қарадық. АІВА 2024 жылғы Париж Олимпиадасына дейін қатарға қосылу үшін ХОК қолдау көрсетеді деп ойлаймыз", – дейді Мустасан. 

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 30 қарашасында ХОК Токио Олимпиадасы қарсаңындағы іріктеу турнирін өткізуге тыйым салды. Мұндай шешім қабылдауға АІВА-ға қатысты тексеру себеп болған. Ал 2019 жылдың мамырында ХОК бокс турнирін АІВА-ның қатысуынсыз өткізуді қолға алды. АІВА қаржы, басқару, төрелік және этика бойынша талаптарды орындамағаны үшін ХОК тарапынан мойындалған жоқ.   
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу