АІВА бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының мерзімін жариялады

872

Былтыр Үндістанда өткен әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары бір күміс, бір қола медаль иеленген еді.

АІВА бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының мерзімін жариялады

АІВА 2019 жылы өтетін бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының мерзімін жариялады, деп жазады Olympic.kz. 

Халықаралық қауымдастық мәліметінше, әйелдер арасындағы әлем біріншілігі 3-13 қазан аралығында Улан-Удэ (Бурятия республикасы, Ресей Федерациясы) қаласында өтеді. 

Боксшы қыздар арасындағы әлемдік дода 2001 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Қазақстан 2016 жылғы әлем чемпионатын Астанада өткізген болатын. Өз жерімізде біздің спортшыларымыз 4 алтын медаль жеңіп алды. 

Атап айтар болсақ, Назым Қызайбай (48 келі), Дина Жоламан (54 келі), Валентина Хальзова (69 келі) және Ләззат Күнгейбаевалар (+81 келі) алтыннан алқа тақты. 

Былтыр Үндістанда өткен әлем чемпионатында Қазақстан боксшылары бір күміс, бір қола медаль иеленді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу