AIX-тегі Polymetal акцияларына деген сұраныс күтілген мөлшерден асып түсті

694

Инвесторлар сомасы 17,31 млн АҚШ доллар болатын 1,69 млн дана акция сатып алған.

AIX-тегі Polymetal акцияларына деген сұраныс күтілген мөлшерден асып түсті

АХҚО Биржасы Polymetal International Plc. компаниясының жай акцияларына деген сұраныс күтілген мөлшерден асып түскенін хабарлады.

Инвесторлар сомасы 17,31 млн АҚШ доллар болатын 1,69 млн дана акция сатып алған. Бұл ретте 24 сәуірдегі АХҚО биржасындағы сауда-саттық көлемі 17,31 млн АҚШ долларын құрады. 

"Polimetal" акциялары сауда-саттығының алғашқы күні Қазақстан экономиканың өсуіне ықпал ететін компаниялардың бағалы қағаздарына деген жоғары сұранысты көрсетті. Бүгінгі нəтижелер халықаралық деңгейде қабылданған реттеушілік стандарттар мен заманауи технологиялық инфрақұрылымды қамтитын AIX сауда алаңы халықаралық эмитенттерді тарта алатындығын, оларды жергілікті жəне өңірлік инвесторлармен байланыстыратындығын көрсетті", – дейді АХҚО Басқарма Төрағасы Тим Беннетт.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу