Ай бетінде адамдар қоныстайтын ауыл пайда болады

Мұны америкалық ғарыш агенттігі NASA 2035 жылға қарай орындауға бекініп отыр.  

Ай бетінде адамдар қоныстайтын ауыл пайда болады Фото: BBC

Бұл туралы аталған агенттіктің басшысы міндетін уақытша атқарушы Шон Даффи Сиднейде өткен Халықаралық астронавтика конгресінде мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Daily Mail басылымына сілтеме жасап. 

Оның сөзінше, алдағы онжылдықта NASA Айда тек қана станция емес, адамдар өмір сүре алатын толыққанды ауыл салуды армандайды. Даффи көпшілікті "Айда тұрақты өмір сүруге қажетті барлық жағдай жасалады" деп сендірді. 

Келесі жылдың ақпанында NASA "Артемида-II" миссиясын іске қосуды жоспарлаған. Соның аясында төрт астронавт Айға аттанады. Бұл соңғы 50 жыл ішіндегі алғашқы ұшу саналады. Десе де, бұл миссия аясында Айға қону туралы мәлімет жоқ. 

Негізі, NASA-ның басты мақсаты – Айда адамдарға арналған ауыл салу, қоныстандыру. Бұл ауыл ядролық энергиямен жұмыс істейді. Ол Ай бетіндегі материалдардан салынады және астронавтарды ұзақ уақытқа қабылдауға жарамды. 

Шон Даффидің сөзінше, Айдағы ауыл құрылысы аяқталған соң, NASA Марсқа қону бағытына белсенді түрде кірісуге мүдделі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу