"Ай сайын 400-500 мың теңге": Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек беріледі?

1513

Оларға асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалмақ.

"Ай сайын 400-500 мың теңге": Костенко шахтасында қаза тапқандардың отбасыларына қандай көмек беріледі? Фото: aqorda.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай әлеуметтік көмек көрсетілетінін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Қаза тапқан азаматтардың отбасыларына асыраушысынан айрылуына байланысты жәрдемақы тағайындалады. Ол республикалық бюджеттен, әлеуметтік сақтандыру қорынан және өмірді сақтандыру компаниясынан төленеді. Жәрдемақы көлемінің жалпы орташа мөлшері асырауындағы адамдар 18 жасқа толғанға дейін ай сайын 400-500 мың теңгеден басталады. Егер балалар жоғары оқу орындарында білім алып жатқан болса, онда 23 жасқа дейін төленеді", - деді ол жедел штаб отырысында.

Оның айтуынша, әзірге барлық төлемді өтеу "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына жүктеледі. 

"Кәсіпорын ұжымдық шартқа сәйкес жылдық төлем тәуекелдерін төлеуге міндетті. "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы жерлеу рәсімдеріне байланысты барлық шығынды, сондай-ақ балаларды жоғары оқу орындарында оқытуды өз мойнына алуға тиіс", - деп түйіндеді Светлана Жақыпова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу