Айбек Нұғымаров Азия ойындарының чемпионы атанды

877

Айбек Нұғымаров Азия ойындарының чемпионы атанды

Ашхабадта өтіп жатқан жабық кешендегі Азия ойындарының чемпионатында Айбек Нұғымаров қазақ күресінен чемпион атанды, деп хабарлайды Qsport.kz.

Қазақ күресі қосылған Азия ойындары чемпионатының ақтық белдесуінде Айбек Нұғымаров қырғыз балуаны Назар Дурдиевті жеңіп, алтыннан алқа тағынды.

Естеріңізге сала кетсек,  Айбек Нұғымаров "ЭКСПО" көрмесі аясында Астана қаласында өтіп жатқан "Әлем Барысы" турнирінің 2017 жылғы жеңімпазы атанған болатын. Отандасымыз алғашқы айналымда польшалық Петр Томаш ұтып, екінші белдесуінде өзбек Муxсин Хисомидиновтан айласын асырып кетті. Ширек финалда Еламан Ерғалиевтің мысын басып, жартылай финалда отандасымыз Серік Бердімұратпен тартысты өткен белдесуде 11:10 есебімен ұтты. Ал финалда грузин балуанын таза жеңіспен ұтып, 2017 жылғы "Әлем барысы" атағын жеңіп алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу