Айбек Нұғымаров пен ресейлік балуан "Әлем барысы" болуға таласады

1776

Айбек Нұғымаров пен Ресей балуаны Роман Бобиков ақтық финалға өтті.

Айбек Нұғымаров пен ресейлік балуан "Әлем барысы" болуға таласады

"Әлем барысы" әлем чемпионатының жартылай финалында Ресей балуаны Роман Бобиков Өзбекстан балуаны Мухсин Хисамиддиновпен белдесті. Тартысты өткен белдесу барысында Ресей балуаны жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, өткен жылы Ресей балуаны Роман Бобиков Грузия балуаны Гурам Тушишвили боз кілемге шықпағандықтан үшінші орын алған еді. Сол жылдың 23-24 маусымында Батумиде өткен қазақ күресінен бірінші Еуропа чемпионатында ол 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде бас жүлде иеленген.

Ал, биыл ақтық жекпе-жеке дейін жетіп отыр. Енді ол Әлем барысы атану үшін Айбек Нұғымаровпен белдеседі.

Осы белдесуге дейін барлық қарсыласын ұтып келген Айбек Нұғымаровтың "Қазақстан барысы" (2013), "Әлем барысы" (2017), қазақ күресінен 4 дүркін Әлем чемпионы (2010, 2013, 2014, 2016), қазақ күресінен 4 дүркін Азия чемпионы (2008, 2009, 2014, 2018) сынды атақтары бар. Сонымен қатар ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы бар спортшымыз "Құрмет" орденінің де иегері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу