Айбек Оралбай ел қоржынына үшінші "алтынды" салды

590

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Айбек Оралбай алтын алды. 

Айбек Оралбай ел қоржынына үшінші "алтынды" салды

Құрлықтық додада 92 келіде сынға түскен Айбек Оралбай финалда өзбекстандық Мадияр Саидрахимовтың осал тұсын тапты.

Осылайша, ел құрамасының қоржынына үшінші "алтынды" салды.

Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Санжар Тәшкенбай (48 келі) мен Асланбек Шымбергенов Азия чемпионы болды.

Ал Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмуд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі), Дулат Бекбауов (67 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) күміс медальді қанағат тұтты.

Енді шаршы алаңға Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) шығады. Қарсыласы – өзбекстандық Лазизбек Муллажонов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу