Айбек Смадияров Ресей СІМ ресми өкілінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

675

Украина Сыртқы істер министрлігінен Астанадағы жаңа елшіні тағайындау туралы өтініш түсті. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Айбек Смадияров Ресей СІМ ресми өкілінің мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді

Бүгін Мәжілістегі брифингте А.Смадияров Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың Украина Елшісінің Қазақстаннан "шығарылуына" қатысты түсініктемесіне қатысты пікір білдірді.

"Ресей Федерациясы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың Украинаның елшісін Қазақстаннан шығару туралы түсініктемесіне қатысты оның мәлімдемесі, біздің ойымызша, Қазақстан мен Ресейдің тең құқылы стратегиялық серіктестер ретіндегі одақтастық қарым-қатынастар сипатына қайшы келетінін атап өткім келеді. Өздеріңіз білетіндей, Украина тарапына, сондай-ақ, жұртшылыққа Рублевский мырзаның арандатушылық мінез-құлқына қатысты Қазақстанның сыртқы істер министрлігі принциптік ұстанымын жеткізген болатын. Сондай-ақ украин тарапына қазақстандықтардың, әсіресе этникалық орыстардың сезімдеріне нұқсан келтіретін мәлімдемелерінің қолайсыздығы туралы айтылған", - деді ҚР СІМ ресми өкілі А.Смадияров.

Оның айтуынша, Украина Сыртқы істер министрлігінен Астанадағы жаңа елшіні тағайындау туралы өтініш түсті. Украина жағымен осы мәселе бойынша бізде толық түсіністік бар және екі жақта да барлық келісімдер орындалды.

"Украина елшісінің елімізде "жағымсыз" мәртебесі бар екенін және оның Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде немесе басқа да мемлекеттік ведомстволарда қандай да бір кездесулері жоспарланбағанын хабарлаймыз", - деді Айбек Смадияров.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл тамыз айында Украина Елшісі Петр Врублевский блогерге сұхбатына қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Ал ресейлік СІМ Украина елшісі Петр Врублевскийдің әлі күнге дейін ресми іс-шараларға қатысып жүргеніне қатысты наразылық білдірген болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу