Жеті аталым бойынша берілетін әдеби сыйлыққа барлығы 402 өтінім келіп түскен. Оның ішінде қазылар алқасының таңдауымен 49 шығарма (әр аталым бойынша 7 шығармадан) ақтық кезеңге өтіп, ең үздіктер анықталды.
- "ҮЗДІК ПОЭЗИЯ" номинациясы бойынша "Жұмбақ арал" поэмасы – Батырхан Сарсенхан;
- "ҮЗДІК ПРОЗА" номинациясы бойынша "Тырнақ" әңгімесі – Айгүл Кемелбаева;
- "ҮЗДІК ДРАМАТУРГИЯ" номинациясы бойынша "Мың мен жалғыз..." пьесасы – Талғат Теменов;
- "ҮЗДІК АУДАРМА" номинациясы бойынша Стефан Цвейгтің "Амок", "Бақилық ағаның көз жасы" новеллалары – Кенжебай Ахметов;
- "ҮЗДІК БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ" номинациясы бойынша "Іздер құпиясы" детективтік романы – Бекен Ыбырайым;
- "ҮЗДІК КОМИКС" номинациясы бойынша "Жетпіс палуан" комиксі – Жантас Набиоллаұлы;
- "ҮЗДІК КІТАП ДИЗАЙНЫ" номинациясы бойынша "Кенесары хан уа сұлтан Сыдық" – "AmalBooks" баспасы
Айта кетейік, биыл алғаш рет өткізіліп отырған ұлттық әдеби сыйлықтың лауреаттарын марапаттау рәсімі 8 желтоқсан күні Алматы қаласы, Жамбыл атындағы филармония залында, сағат 16:00-де өтеді.
Әр номинацияның жеңімпазына 5 млн теңге сыйақы тапсырылады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу