"Айбын" орденінің дәрежелеріне үш батырдың есімі беріледі

141

Бұдан былай орденнің бірінші дәрежесіне Сағадат Нұрмағамбетовтің, екінші дәрежесіне – Бауыржан Момышұлының, үшінші дәрежесіне – Рахымжан Қошқарбаевтың есімі берілмек.

"Айбын" орденінің дәрежелеріне үш батырдың есімі беріледі Фото: Ақорда

Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы" заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заң жобасы қабылданды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 15 наурызда "Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс" атты ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында "Айбын" орденінің әртүрлі дәрежелеріне Сағадат Нұрмағамбетов, Бауыржан Момышұлы және Рахымжан Қошқарбаев есімдерін беру туралы идеяны айтты. Мемлекет басшысы бұл тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және жауынгерлеріміздің ерлігін еске алу ісіндегі тағы бір маңызды қадам болатынын атап өтті. Мұндай шешім осы наградалар арқылы біздің атақты отандастарымыздың батырлық рухын жаңғыртады және олардың иелерін Отанға жанқиярлықпен қызмет етуге шабыттандырады", - деді депутат Айгүл Құспан.

"Айбын" әскери ордені 1995 жылы бекітілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу