Астрономдар аспан денесінің фотосуреттерінен ай базаларын салу үшін пайдалануға болатын бірнеше ондаған метрлік ірі үңгірлер кешенінің іздерін тапты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Профессор Лоренцо Бруццоне атап өткендей, мұндай жаңалық LRO зондындағы Mini-RF құралынан алынған айдың осы аймағының радиолокациялық түсірілімдерінің арқасында ашылды.
Зерттеушілердің айтуынша, соңғы онжылдықтарда аспан денесінің беткі суреттерінен ондаған қара дақтар табылған. Олар Жер серігінің алғашқы дәуірлерінде лава ағындарының қозғалысына байланысты пайда болған ірі үңгірлерге кіретін жол бола алады. Алайда, бұл гипотезаны қолдайтын нақты дәлелдер болған жоқ.
АҚШ пен Италия ғалымдары айдағы Тыныштық теңізінің қасиеттерін зерттеу кезінде жиналған деректерді Mini-RF құралының радиолокациялық суреттерінен айдағы нысандардың пішінін қалпына келтірудің жаңа алгоритмін қолдана отырып зерттеді. Белгілі болғандай, бетіндегі "шұңқырлы кратерлердің" бірінің қабырғаларында ұзындығы шамамен 25-77 метрлік өтетін жол бар. Үңгірлер кешені лава түтіктерінен тұрады, олардың ішінде Ай бетіне қарағанда тұрақты температура байқалады.