"Айдалада жалғыз қалды": Үш тәулік бойы оралмаған ер адам аман-есен табылды

1040

Ол үш күн бойы ас-сусыз далада түнеген.

"Айдалада жалғыз қалды": Үш тәулік бойы оралмаған ер адам аман-есен табылды

Ақтөбе облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16-сәуір күні Әйтеке би ауданында ер адам мал іздеуге кетіп, оралмағаны туралы хабар келді.

35 жастағы ер адам Толыбай ауылынан Жабасақ ауылы бағытына қарай мал іздеп шыққан. Кейін хабар-ошар үзілген. Сол күні ауданда дауылды ескерту жарияланған болатын. Жоғалған азаматты іздеуге аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, полицейлер мен тұрғындар шыққан. 

Тек үш тәуліктен соң Ақсу қыстағының маңынан 5 км қашықтықта  әбден әлсіреген ер адамды табады. Ол үш күн бойы ас-сусыз далада түнеген. Құтұарушылар мал іздеуге шыққан тұрғынды аман-есен  Толыбай ауылына  жеткізді. Жағдайы жақсы. Дәрігерлер бақылауына алды.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу