Айдана Сарыбай көркем гимнастикадан Азия кубогін иеленді

1095

   

Айдана Сарыбай көркем гимнастикадан Азия кубогін иеленді

Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өткен көркем гимнастикадан Азия кубогінде қазақстандық Айдана Сарыбай топ жарды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ол шығыршық, ұршық және таспамен жаттығуда үш алтын иеленсе, доппен жаттығуда күміс жүлдегер атанды. 

Жасөспірімдер арасында сынға түскен Эльжана Таниева да үш алтынға қол жеткізді.

Ол шығыршық, доп және таспамен жаттығуда үздіктер қатарынан көрініп, ұршықпен жаттығуда күмісті қанағат тұтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу