Айдар Рысқұлов "Самұрық-Қазынаның" басқарушы директоры болып тағайындалды

546

Бұған дейін ол Басқарма мүшесі, "Самұрық-Энерго" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болды.  

Айдар Рысқұлов "Самұрық-Қазынаның" басқарушы директоры болып тағайындалды Фото: Samruk Qyzmet

Бүгін Айдар Рысқұловтың "Самұрық-Қазына" АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалғаны жайлы хабарланды, деп жазады Inbusiness.kz.

Айдар Қайратұлы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ді бітірген. Сондай-ақ Назарбаев университетінің МВА магистрі дәрежесіне ие. Әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, АТФ Банкінде, ЦентрКредит банкінде, Халық банкінде, "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ, "Самұрық-Қазына" АҚ-да жұмыс істеді. Қорда жеті жыл бойы Рысқұлов қаржылық активтерді басқару жөніндегі директор, сондай-ақ корпоративтік қаржы департаментінің директоры болды. 

Ал Назира Нұрбаева ҚР Президентінің өкімімен өткен жұмада Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу