Айдар Шәрібаев: Чемпиондық атақпен оралуға тырысамын

811

Айдар Шәрібаев: Чемпиондық атақпен оралуға тырысамын

Кеше түнде кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Майамиге аттанды. Жиын қорытындысы бойынша жерлесіміз АҚШ-та чемпиондық жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды vesti.kz.
Боксшымыздың чемпиондық айқасы наурыз айына жоспарланған. Әзірге қарсыласы белгісіз. Дегенмен, жеңіл салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental белбеуіне таласады деп күтілуде. Ал Майамиде Шәрібаев өзінің жеке бапкері Осмири Фернандестің қарамағында жаттығатын болады.
"2018 жылдан үлкен үміт күтемін. Төрт айқас өткізсем деймін. Қазір промоутерлерім айналысып жатыр. Сол төртеудің екеуі чемпиондық жекпе-жектер болуға тиіс. Осы орайда WBA Inter-Continental белбеуі кәсіпқой бокстағы карьерама үлкен серпін беріп, жаңа бағыттар ашады деп ойлаймын. Бұйыртса, осы жолы елге қалайда чемпиондық атақпен оралуға тырысамын", – деді Diamond Ring тілшісіне сұхбат берген Айдар Шәрібаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу