Айдар Шәрібаев чемпиондық белбеу үшін тартысады

732

Айдар Шәрібаев чемпиондық белбеу үшін тартысады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шәрібаев өзінің кезекті жекпе-жегін сәуірдің 12-сі күні өткізеді. АҚШ-тың Индио қаласында өтетін бұл айқаста жерлесіміз америкалық Эндрю Канчиомен кездесіп, WBA Inter-Continenral белбеуін сарапқа салады. Бұл туралы diamondring.kz сайты жазды, деп хабарлайды vesti.kz.

Естеріңізге сала кетейік, негізі жерлесіміз чемпиондық жекпе-жегін бүгін Лос-Анджелесте өткізуі тиіс болған. Алайда, соңғы сәтте мексикалық Марио Тиноконың командасы жекпе-жектен тайқып шықты.

Енді Айдар келесі айқасын 12 сәуірде Калифорния штатының Индио қаласында өтеді. Қарсыласы – Эндрю Канчио.

29 жастағы Эндрю Канчио кәсіпқой бокста сонау 2006 жылдан бері жүр. Осы күнге 21 жекпе-жек өткізген. Соның 17-сінде жеңіске жетіп, төртеуінде ұтылып қалған. 13 кездесуін нокаутпен аяқтаған. Алайда, соңғы айқасын 2016 жылдың қыркүйек айында Джозеф Диастан ұтылып қалды. Содан бері шаршы алаңға шықпаған.

"Golden Boy" промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен өтетін бұл кәсіпқой бокс кешінде жерлесіміз өзінің сегізінші жекпе-жегін өткізбек. Бұған дейінгі жеті кездесуінде де жеңіске жетіп, оның алтауында қарсыласын құлатқан. Бүгінде АҚШ-тың Майами қаласында жаттығу жиынын өткізіп жүрген Айдар Шәрібаев дайындығын жеке бапкері Дерик Сантос-Росариомен пысықтауда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу