Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының президенті болып сайланды

218

Республикалық "Көкпар" федерациясының кезектен тыс конференциясы аясында ұйымға жаңа президент сайланды. 

Айдарбек Қожаназаров Көкпар федерациясының президенті болып сайланды Фото: Көкпар федерациясы

Бұған дейін федерацияны басқарған Бауыржан Әбдірашитұлы өз еркімен қызметінен кетіп, оның орнына Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров тағайындалды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Жиын барысында федерацияның өткен жылғы жұмысы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған жоспарлар таныстырылды.

Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Еркебұлан Ілиясов Көкпар федерациясының басшылығына Қожаназаровты ұсынды.

Оның айтуынша, жаңа басшы ұлттық спорт саласына белсенді араласып жүрген, тәжірибелі маман ретінде жақсы таныс.

– Айдарбек Қожаназаров – Көкпар Федерациясының Құрметті Президенті, Қостанайда көкпарды дамытуға елеулі үлес қосқан азамат. Оның басқаруымен федерацияның жаңа деңгейге көтерілуіне сенімдіміз, – деді Е. Ілиясов.

Өз кезегінде жаңа президент сенім білдірген барша қауымға алғыс айтып, болашақтағы жоспарларымен бөлісті.

– Көкпардан "Қазақстан Көкпар Лигасын" іске қосамыз. Жүлде қоры – 25 млн теңге. Турнир күнтізбесін бекіткен соң нақты мерзімін жариялаймыз. Сонымен қатар өңірлерде федерация филиалдарын ашып, көкпарды кеңінен насихаттаймыз. Чемпионаттың жүлде қорын көбейтіп, үздік командалар мен спортшыларға ынталандыру сыйлықтарын енгіземіз, – деді Айдарбек Қожаназаров.

Оның айтуынша, алдағы уақытта жеке спортшылар мен үздік аттар үшін арнайы номинациялар тағайындалады.

Сондай-ақ, салым салған аттардың иелеріне де жүлде қорының белгілі бір пайызы бөлінеді. Бұл бастама – ат иелерін ынталандырып, көкпаршыларға қолдау көрсетудің тиімді жолы.

Конференция соңында көкпар спортының қазіргі жағдайы талқыланып, жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының жеребесі тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу