/img/tv1.svg
RU KZ
DOW J 25 771,89 РТС 1 386,20
Hang Seng 26 826,59 FTSE 100 6 796,40
KASE 2 302,72 Brent 50,93
Айдарбек Сапаров ҚР бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды

Айдарбек Сапаров ҚР бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды

Айдарбек Сапаров 2011 жылдың қыркүйегінен қазірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет етті.

18 Наурыз 2019 18:29 326

Айдарбек Сапаров ҚР бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды

Үкіметтің Қаулысымен Айдарбек Сейпiлұлы Сапаров Қазақстан Республикасының бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Айдарбек Сапаров 1966 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Красный ауылында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (1992 ж.), М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006 ж.) тәмамдаған.

Еңбек жолын 1984 жылы Калинин атындағы кеңшарда бастаған. Түрлі жылдары жекеменшік секторда жұмыс істеген.

2003–2006 жж. – «Азық-түлік корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының орынбасары, директорының бірінші орынбасары.

2006 ж. – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.

2006–2008 жж. – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.

2008 жылдың наурыз айынан 2010 жылдың сәуіріне дейін Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.

2010 жылдың сәуір айынан 2011 жылдың қыркүйегіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі орынбасары.

2011 жылдың қыркүйегінен қазірге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары болып қызмет етті.

inbusiness.kz-ті қараңыз, оқыңыз :

Бала еңбегін қанау азаймай тұр

Әлемдегі балалардың 59%  (98 млн.) ауыл шаруашылығына қатысты еңбекке тартылады.  

27 Қыркүйек 2019 19:00 549

Бала еңбегін қанау азаймай тұр

2019 жылдың басынан бастап Қазақстанда кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың екі фактісі анықталды, деп хабарлайды  ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың айтуынша, дүние жүзі бойынша 5 пен 17 жас аралығындағы 218 миллион бала жұмыс істейді. Олардың ішінде 152 миллионы балалар еңбегінің құрбаны, олардың жартысына жуығы – 73 миллионы балалар үшін қауіпті жұмыс жағдайында жұмыс істейді.

«Қазақстанда уәкілетті мемлекеттік органдар кәмелетке толмағандардың жұмысына қатысты заң талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады. 2018 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары тексеру барысында 10 фактіні анықтады, ал ағымдағы жылы кәмелетке толмағандарды еңбекке заңсыз тартудың 2 фактісі анықталды, олар бойынша жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды», –  деді Сарбасов.

Ол сондай-ақ, кәмелетке толмағандар негізінен еңбек қызметін жазғы уақытта шағын бизнес субъектілерінде, базарларда, сауда орындарында, автожуу және автокөлік құралдарын жөндеу станцияларында, қоғамдық тамақтану пункттерінде (мейрамханалар, дәмханалар) және т.б. жүзеге асыратынын атап өтті. Аса маңызды бұзушылық еңбек шартарының болмауында.

 

Қаржы вице-министрі таныстырған заң жобасын депутаттар сынға алды

ҚР қаржы министрлігі мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының өкілдері Мәжілісте таныстырған заң жобасы қатаң сынға ұшырады.

17 Қыркүйек 2019 22:05 542

Қаржы вице-министрі таныстырған заң жобасын депутаттар сынға алды

Заңға конституциялық өзгерістер енгізу үшін құжаттың жобасын таныстырған қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов пен оның әріптестері депутаттардың сан сауалына тұшымды жауап қата алмады. Ал халық қалаулылары болса инвесторларға қосымша құқық беретін заң жобасы әлі шикі деп отыр.

Жаңалықтарға жазылу: