Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысына барып, егістіктерді аралап көрді

494

Ауыл шаруашылығы министрі егін жинау науқаны кезінде қатты жаңбырдан зардап шеккен аймақтарды аралауды жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Айдарбек Сапаров Солтүстік Қазақстан облысына барып, егістіктерді аралап көрді Фото: gov.kz

Аймақта салыстырмалы түрде тұрақты ауа-райы қалыптасты. Фермерлер жедел қарқынмен жұмыс істеуде. Дәнді және бұршақты дақылдардың жалпы көлемінің 64,5%-ы жиналды, шамамен 2,3 млн тонна бастырылды, әзірге орташа өнімділік 10,5 ц/га құрайды.

Барлық үш аймақта фермерлердің мәселелері бірдей. Министр солтүстік қазақстандықтарға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша нөсер жаңбырдан болған зардаптарды барынша азайту жөніндегі шаралар әзірленгенін хабарлады.

Қазірдің өзінде астықты кептіру үшін жеңілдетілген дизель отыны жеткізілуде. Облыс литріне 250 теңгеден аспайтын бағамен қосымша 20 мың тонна дизель отынын алады. Элеваторлар тәулік бойы жұмыс істеуде.

Фермерлердің қарыз алу мерзімі айыппұл санкцияларын қолданбай ұзартылады. Өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін субсидиялауға қосымша 35 млрд теңге бөлінеді. Бір апта ішінде Азық-түлік корпорациясы астықтың бағасын жариялайды.

Шаруалармен мен ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы ірі инвестициялық жобаларды қаржыландыру жөніндегі бағдарламаларды талқылады. Өңірде жеңілдікті шарттар бойынша 17 сүт-тауар фермасының құрылысына жеңілдікті қарыздар беру жоспарланған. Несиелеу ережесін Министрлік бекітті. Қаражат 10 жылға дейінгі мерзімге жылдық 2,5%-бен, қарыздың ең жоғары сомасы – 5 млрд теңгеге дейін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу