Айдархан Құсайынов: Жаппай валюта сатып алу теңгені құлдыратты

1181

Айдархан Құсайынов: Жаппай валюта сатып алу теңгені құлдыратты

Данияр Ақышевтің кеңесшісі және "Алмагест" консалтингтік компанияның директоры Айдархан Құсаинов теңгенің әлсіреу себептерін айтып, алдағы уақытқа арналған болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Экономист Айдархан Құсаиновтың айтуынша, қазіргі уақыттағы теңгенің әлсіруіні басты себебі – валюта нарығындағы алып-сатарлық көңіл-күйге байланысты болып отырғанына сенімді. Кеңесші теңгенің бұдан ары құлдырауына жол жоқ екенін атап өтті. 

"Соңғы екі айдың көлемінде теңгенің әлсіреуі, шетелдік валютаға қатысты орын алған жаппай сұраныстың нәтижесінде болып отыр. 2017 жылдың бірінші жартысында валютаға деген сұраныс әдеттегіден екі есе аз болған еді. Бұл дедолларизацияға қатысты да болуы мүмкін. Алайда шілде айынан бастап, жағдай өзгерді. Бұл теңге бағамының өзгеруіне әкелді. Тұрғындар доллар бағамының өскенін бақылап отырып, жаппай валюта сатып алуға көшті. Нәтижесінде теңгенің құлдырауы болып отыр", — деді Құсайыов.

Сарапшының берген бағасы бойынша, теңгенің долларға шаққандағы қазіргі нақты бағамы — 340 теңге.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу