Айдос Кенжеғұлов үстел теннисінен Австрия чемпионатына қатысып жатыр

665

Қазақстандық спортшы Айдос Кенжеғұлов үстел теннисінен Австрия чемпионатының кезекті кезеңіне қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.  

Айдос Кенжеғұлов үстел теннисінен Австрия чемпионатына қатысып жатыр

Қазақстандық спортшылар Айдос Кенжеғұлов, Искандер Харки, ирандық Амирреза Аббаси, австриялық Марк Сагаве барлығы Badener AC (Баден) клубының намысын қорғайды. Спортшылар Капфенберг қаласында жергілікті KSV HiWay MEWO клубымен кездесті.

Кездесу 0:2, 1:3, 2:4 есебімен Badener AC қарсыласына жол берді. 

Айта кетерлігі, отандасымыз бақ сынайтын клуб чемпионаттың алтыншы орнына жайғасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу