Айдос Үкібай Тұңғыш Президентке жаңа ескерткіш орнатуға қатысты пікір білдірді

1261

Түркістанда Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне ескерткіш орнату ұсынылған еді.

Айдос Үкібай Тұңғыш Президентке жаңа ескерткіш орнатуға қатысты пікір білдірді Фото: Мария Матвиенко

Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Тұңғыш Президент бұл бастамаға қатысты қандай ойда екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

24 мамырда халықаралық конференцияда ТҮРКСОЙ бас хатшысының орынбасары Билал Чакыджи Елбасыға Түркістанда ескерткіш орнату туралы ұсыныс айтқан. Кейін әлеуметтік желіде қоладан жасалған ескерткіштің фотосы тарады. Ескерткіштегі бейне Нұрсұлтан Назарбаевтың жас кезіне ұқсайды. 

Айдос Үкібай Тұңғыш Президенттің бұл ұсынысқа қатысты қандай ойда болғанын айтып берді: "Елбасы бұл идеяны қолдаған жоқ... Ол ескерткіштер орнату, сәулет нысандарының атауын өзгерту сынды жергілікті шенеуніктер ұйымдастырған "сыйлықтар" болса, мұндай "сыйлықтарды" мүлдем ұнатпайды. Нұрсұлтан Әбішұлы бірнеше рет мұндай белгілердің керегі жоғын мәлімдеген. Кейбір адамдар әдейі шу шығаратын сияқты. Ол өз есімін тек бір жобаға ғана беруге келіскен. Ол – университет пен зияткерлік мектептер". 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу