Елордадағы инфекциялық аурухана 2 аптада салынып бітті

760

Айдын Рахымбаев жақын күндері Алматыдағы құрылыстың да аяқталатынын хабарлады.

Елордадағы инфекциялық аурухана 2 аптада салынып бітті

Нұр-Сұлтан қаласында небәрі екі аптаның ішінде Covid-19 жұқтырғандарға арналған модульдік кешеннің құрылысы аяқталды. Бұл туралы "BI Group" құрылыс компаниясының директорлар кеңесінің басшысы Айдын Рахымбаев хабарлады. 

"Біз аурухананы салып бітірдік. Бұл жасанды жолмен желдету аппараттары бар интенсивті терапия палатарының кешегі көрінісі. Жақын күндері медицина қызметкерлерімен бірге құрылғыларды іске қосып, госпитальге тапсырамыз", – деп жазды Рахымбаев өзінің Facebook-тегі парақшасында. 

Ол сонымен қатар жататын орындары орналастырылған, жасанды жолмен желдету аппараттары қойылған палаталардың фотосын желіге жүктеген. 

"Медицина қызметкерлері біздерді асықтырып жатыр. Олар осындай қауіпсіз технологиялардың барына қатты қуанып жүр. Екі апта бойы тынымсыз еңбек еткен құрылысшылар енді демалуы керек", – дейді Рахымбаев.

Құрылыс компаниясының басшысы жақын күндері Алматыдағы құрылыстың аяқталатынын және оған қанша қаражат кеткенін жариялайтынын мәлім етті.

Бұған дейін Рахымбаев бұл аурухананың стационарлық, инфекциялық екенін және бірнеше жыл жұмыс істейтінін айтқан еді.

Ескере кететін жайт, Қазақстанда осындай үш аурухана тұрғызылады: Нұр-Сұлтанда, Алматыда және Шымкентте. Мемлекеттік бюджеттен олардың құрылысына 14,8 млрд теңге бөлінген.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу