Әйел адам күйеуімен ренжісіп, орманда адасып кетті

271

Абырой болғанда әйел аман-есен табылды.

Әйел адам күйеуімен ренжісіп, орманда адасып кетті Фото: Pixabay.com

Қостанай құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын сәтті жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Департамент дерегінше, 29 тамыз күні түнде құтқарушылар Әулиекөл ауданына қарасты Бағаналы ауылына жақын маңда жоғалып кеткен әйелді іздеуге кіріскен.

"Күйеуімен болған жанжал нәтижесінде 1981 жылы туған әйел орманға кетіп, адасып кетті. Іздеуге Қостанай облысы ТЖД құтқарушылары, полиция қызметкерлері, еріктілер, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары, іздестіру иттері мен тікұшақ жұмылдырылды. Әйелді Әулиекөл ауылының №15 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші-құтқарушылары Данияр Айгелов пен Назарбек Брахмет тапты. Құтқарылған адам медициналық көмекті қажет етпеді", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу