Әйел көпірден секіріп қаза тапты

689

Тиісті сараптамалар тағайындалды. 

Әйел көпірден секіріп қаза тапты Фото: polisia.kz

Қызылордада әйел адам көпірден секіріп кетіп, мерт болды, деп жазады inbusiness.kz Рolisia.kz сайтына сілтеме жасап.

"12 желтоқсан күні сағат 21:50 шамасында Қызылордада "102" арнасына Қазбек би мен Қазантаев көшелері бойында орналасқан аспалы көпірден әйел секіріп кетіп, суицид жасамақ болғаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жетті. Тексеру барысында, өкінішке орай, азаматшаның қайтыс болғаны анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігімен (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген полиция мәліметінде.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу