Әйел мен баласын балағаттаған: Алматыда такси жүргізушісі қамауға алынды

260

Жүргізушіге қатысты сот шешімі шықты.

Әйел мен баласын балағаттаған: Алматыда такси жүргізушісі қамауға алынды Фото: Бейнежазбадан

Алматыда такси жүргізушісі көлігіне отырған әйел адам мен оның баласын балағаттағаны үшін 7 тәулікке қамалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Полиция департаментінің мәліметінше, көлікке отырған бүлдіршін абайсызда салонды былғап алған. Жүргізуші осыған ашуланып, бейәдеп сөздер айтқан. Тіпті көлік тоқтағаннан кейін де балағат сөздерін тоқтатпаған.

Клиент болған жағдайды телефонына түсіріп алып, полицияға арыз жазды.

"Полиция қызметкерлері жүргізушінің әрекетін құқықтық тұрғыда саралады. Жиналған материалдар сотқа жолданды. Сот шешімімен ер адам жеті тәулікке әкімшілік қамауға алынды", – делінген ПД хабарламасында.

Полиция тұрмыстық жанжал немесе жолаушыға деген наразылық қорлауға және қоғамдық тәртіпті бұзуға себеп болмауы керектігін ескертеді. Оның үстіне, мұндай жағдайларға балалардың куә болуы олардың психологиялық жағдайына кері әсер етуі мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу