Әйел-журналистерді қорғау туралы өтініш Тоқаевтың назарында

553

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына жолданған "Әділ сөз" халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының өтініші назарға алынды. 

Әйел-журналистерді қорғау туралы өтініш Тоқаевтың назарында Фото: inform.kz

 Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Президенттің атына жолданған "Әділ сөз" халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағының әйел-журналистерді қорғау туралы өтініші назарға алынды. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасаған адамдарды жауапқа тарту үшін болған оқиғаларды тергеу тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылды", - деп жазды баспасөз хатшысы.

Еске салайық, "Әділ сөз" сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры мен Қазақстан Журналистер одағы әйел журналистерді қудалауға қатысты үндеу жасаған болатын. Мұнда тамыз айынан бері ElMedia YouTube арнасының редакторы Гүлжан Ерғалиева жаппай психологиялық шабуылға ұшырағаны туралы жазылған. Бұдан бөлек үндеуде Orda.kz порталының редакциясына және оның бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға да қоқан-лоққылар жасалғаны айтылған.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу