Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов әйелдер қауымын Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ардақты аналар! Қымбатты ханымдар!Баршаңызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – өмірге шуақ, жанға жылулық әкелетін ерекше мейрам. Біз әрдайым асыл аналарымыз бен әзиз әжелеріміздің, аяулы аруларымыздың алдында басымызды иеміз. Өйткені, әйелдер қауымы – әрдайым отбасының ұйытқысы, бірлік пен берекенің бастауы, мемлекетіміздің тірегі. Сіздердің қоғамдағы және ел дамуы жолындағы рөлдеріңіз орасан зор. Қыз-келіншектер адами асыл қасиеттер мен құндылықтарды дәріптеп, ұрпақ тәрбиелеумен қатар, барлық салада биік белестерді бағындырып келеді", - делінген Мәжіліс спикерінің құттықтауында.
Ерлан Қошанов қазақстандық әйелдерге мықты денсаулық, шаттық пен амандық тіледі.