Әйелдер боксынан Қазақстан командасының бас бапкері ауысты

679

Қазақстан бокс федерациясы ұзақ жылғы жемісті еңбегі мен еліміздегі боксшыларды дайындауға қосқан үлесі үшін Вадим Присяжюкке алғыс білдірді. 

 Әйелдер боксынан Қазақстан командасының бас бапкері ауысты

Ерік Алғабек әйелдер боксынан Қазақстан командасының бас бапкері болып тағайындалды, деп хабарлайды olympic.kz. 

Ол бұл қызметті 2005 жылдан бері атқарып келе жатқан Вадим Присяжнюктің орнына келмек.

Бас бапкер мықты құрам жасақтап, спортшыларымыз халықаралық турнирлерде үздіктер қатарынан көрінді. Қазақстан бокс федерациясы ұзақ жылғы жемісті еңбегі мен еліміздегі боксшыларды дайындауға қосқан үлесі үшін Вадим Присяжюкке алғыс білдірді. 

Соңғы Азия чемпионатында біздің боксшы қыздарымыз алтын мен күміс жүлдеге жете алмады. Осыдан соң, бапкерлер кеңесі команданы дайындау үшін жаңа күш, жаңа бағыт керек деп шешкен. 

Әйелдер командасының басшылығына келген Ерік Алғабектің еңбек өтілі – 15 жыл. 2011-2016 жылдар аралығында жасөспірім қыздар мен жастар командасының бас бапкері қызметін атқарып, әлем чемпионаттарынан 4 алтын және 23 қола медаль жеңіп алуға септігін тигізген. 2011 жылдан бері Алғабек олимпиадалық даярлау орталығында аға бапкер қызметін атқарды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу