Әйелдер ер адамдарға қарағанда қатерлі ісікке жиі шалдығады

232

Жыл сайын қатерлі ісіктердің 41 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркеледі.

Әйелдер ер адамдарға қарағанда қатерлі ісікке жиі шалдығады Фото: Pixabay.com

Қазақстанда 222 мың адам онкология бойынша диспансерлік есепте тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев елімізде 222 мың адам онкология бойынша есепте тұрғанын айтты. Бұл былтырғыға қарағанда 7,1 пайызға көп.

"Әйелдер ер адамдарға қарағанда жиі ауырады – барлық жағдайдың 55%-ы, бірақ ер адамдар әйелдерге қарағанда жиі қайтыс болады. Науқастардың 55,6%-ы еңбекке қабілетті жастағы адамдар. Онкологиялық аурулардың құрылымында бірінші орында сүт безі обыры тұр, одан кейін өкпе обыры, колоректальды қатерлі ісік, асқазан обыры және жатыр мойны обыры орналасты. Өлім-жітім бойынша өкпенің қатерлі ісігі, асқазан қатерлі ісігі, колоректальды қатерлі ісік және сүт безі қатерлі ісігі басым", - деді ДСМ өкілі "Онкология қызметінің проблемалары мен даму перспективалары" тақырыбындағы көшпелі отырыста.

Штаттан тыс бас онколог Диляра Қайдарованың дерегінше, жыл сайын қатерлі ісіктердің 41 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркеледі.

"Нөлдік және бірінші кезеңде ауруды анықтау жақсарып келеді, скринингтер жұмыс істейді. Өкінішке қарай, пандемия бүкіл әлемде барлық көрсеткіштердің нашарлағанын және ересек тұрғындардың ғана емес, жастар арасында да онкологиялық аурулармен сырқаттанушылықтың артқанын көрсетті", - деді Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Басқарма төрайымы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу