Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды

1801

Жамбыл облысының Кәсіпкерлер палатасында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы ашылды

Бұл стартап жоба "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Біріккен ұлттар ұйымының Даму бағдарламасы арасында жасалған келісім шеңберінде әзірленгенін айта кеткен жөн.

Енді өңірдегі кәсіпкер әйелдер осы орталыққа келіп стартаптарды ынталандыру, жұмыс істеп тұрған бизнестің экономикалық белсенділігін арттыру, сондай-ақ оқыту бағдарламалары мен іс-шараларға қатысу үшін қажетті кеңес ала алады.

Жалпы статистикаға жүгінсек, елімізде әйелдер басқаратын кәсіпорындардың үлесі 42,3 пайыз. Сондықтан бизнеследилер еліміздің экономикасы мен кәсіпкерлігінің дамуына үлкен үлес қосып отыр деп айтуға негіз бар.

Бір ғана мысал, Жамбыл өңірінде 5 жылда "Бастау Бизнес" жобасы бойынша 15 мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған жамбылдықтар арнайы курстан өтіп, өз ісін ашқан. Міне осы 15 мыңның олардың 40 пайызға жуығы әйелдер. "Атамекен Тараз" микроқаржы ұйымы арқылы жеңілдетілген несие алып, өз бизнесін белсенді дамытып отырғандары да бар.

"Микроқаржы ұйымы қызметі басталғаннан бері 1 миллиард 163 миллион теңгеге 665 жоба қаржыландырылды. Соның 35 пайызы әйелдер кәсіпкерлерігіне тиесілі", – дейді Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Айдар Әбдіқадыров.

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының кеңесшісі Гүлмира Метерова орталық қызметкерлері әйелдерге өз бизнесін дамытуға, жаңа бағыттар мен кәсіптерді игеруге, сондай-ақ көшбасшылық әлеуетін іске асыруға көмектесетінін айтты.

Ардақ Үсейінова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу