Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңға енгізілген өзгерістер талқыланды

227

Кездесуді Фридрих Эберт атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігі ұйымдастырды  

Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заңға енгізілген өзгерістер талқыланды Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитеті

Оған орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, Дағдарыс орталықтары одағының, қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты, деп жазады inbsuiness.kz сайты.

Іс-шараға Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров келіп, Әйелдер құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жаңа заңға сәйкес Отбасын қолдау орталықтарының міндеттері туралы хабардар етті.

"Қазіргі уақытта Мәдениет және ақпарат министрлігі Орталықтардың қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірледі. Заңға сәйкес Орталықтар мемлекеттік отбасылық саясат шараларын, оның ішінде неке мен отбасын сақтау жөніндегі шараларды, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша шараларды іске асырады, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды (отбасыларды) қолдаумен қамту жұмыстарын үйлестіретін болады. Орталықтар енді кеңес беріп қана қоймай, қиын өмірлік жағдайдан шығу үшін отбасына кешенді қолдау көрсетеді", - деп атап өтті Қайрат Қамбаров.

Отбасын сүйемелдеу жүйесінің негізі – әр отбасы үшін мамандар бекітілетінінде. Бұл отбасын көмек пен қолдаудың барлық бағытында сүйемелдеуге, басқа мамандардың жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді.

Кейс-менеджменттегі ведомствоаралық өзара байланыс жүйесіндегі негізгі рөлдердің бірін атқаратын болады.

Айта кетейік, отбасын сүйемелдеудің жеке жоспарын іске асыру және оларды өмірлік қиын жағдайдан шығару үшін орталықтар жергілікті атқарушы органдармен, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, ішкі істер, әділет органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен, өзге де ұйымдармен және жұртшылықпен өзара байланыс орнатады.

Кездесу қорытындысы бойынша заңнамадағы жаңа өзгерістерді іс жүзінде жүзеге асыру үшін нақты қадамдар мен стратегиялар әзірленді. Қатысушылар мемлекеттік органдар арасындағы өзара байланысты жақсарту үшін нақты шараларды ұсынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу