Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң қашан күшіне енеді?

201

Жалпы заңда екі бағыт бойынша түзетулер көзделген.

Әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігіне қатысты заң қашан күшіне енеді? Фото: kursiv.media

Құжат Президенттің тапсырмасымен әзірленген. Заң зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты жүйені енгізеді және жазаны қатаңдату арқылы зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Закиева мәлімдеді.

"Біріншіден, отбасыларға көмек ұйымдастыру, қиын жағдайдан шығару функциясын әлеуметтік басқармаға енгіздік, себебі бұрын әкімдікте бұл функцияға жауапты басқарма болмаған. Қиын жағдайда тұратын отбасыларды, зорлық-зомбылықты анықтап, көмек ұйымдастыру үшін жедел әрекет ету топтары құрылады. Ең маңыздысы әр ауданда отбасын қолдау орталықтары ашылады. Бұл орталықтар психологиялық, құқықтық, әлеуметтік көмек ұйымдастырады. Жалпы осы нормалар үш жыл бойы пилоттық режимде қолданылады", - деді спикер.

Екіншіден заң жобасында жазаны қатаңдатыу бойынша біраз түзету көзделген. Ұрып-соғуға және денсаулыққа зиян келтіруге қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Орташа және ауыр зиян келтіргені үшін бас бостандығын шектеу жазасы алынып тасталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу