Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын балуандар анықталды

1182

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Сочи қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. 

Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын балуандар анықталды

Бас бапкер Нұрлан Аманқосовтың айтуынша, әлем чемпионатына қатысатын құрам 90 пайыз белгілі, деп хабарлайды Olympic.kz. 

"Бұл күндері Сочи қаласында Ресей, Венгрия, Эстония және Финляндия құрамаларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатырмыз. Дайындық жақсы қарқынмен басталды. Әлемдік сын қарсаңындағы соңғы жиынды елде өткіземіз. Нұр-Сұлтандағы әлемдік сынға қатысатын құрам 90 пайыз анықталды. Тек 53 келіде кімнің кілемге шығатынын шешкен жоқпыз. Осы жиыннан соң нақты белгілі болады", – ­деді бас бапкер. 

Әйелдер күресінен әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан командасы:

50 келі: Валентина Исламова

55 келі: Марина Седнева

57 келі: Эмма Тисина

59 келі: Мадина Бақбергенова

62 келі: Аяулым Қасымова

65 келі: Айна Теміртасова

68 келі: Ирина Казюлина

72 келі: Жәмила Бақбергенова

76 келі: Эльмира Сыздықова  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу