Әйелдер күресінен екі салмақта ешкім бақ сынамайды

676

Бұл күндері әйелдер күресінен Қазақстан командасы Ресейде жаттығуда, деп хабарлайды Olympic.kz.   

Әйелдер күресінен екі салмақта ешкім бақ сынамайды

Команда бас бапкері Нұрлан Аманқосов жиынның жоғары деңгейде өтіп жатқанын айтты.

"Дайындық жақсы өтіп жатыр. Сочи қаласында Ресей құрамасымен бірлескен жиын ұйымдастырылды. Сол жердеміз. Қыздардың дайындығы жаман емес, бәрі де алға қойған мақсаттарына ұмтылуда.

Он салмақтың сегізінде балуан қыздарымыз кілемге шығады. 50 және 68 келіде әлемдік додаға ешкім бармайды. Қалған спортшылар тас-түйін дайын", - деді бас бапкер. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу