Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау шараларын заңмен күшейту керек – Президент

674

Тоқаев балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар жиілеп кеткенін айтты.

Әйелдер мен балалардың құқығын қорғау шараларын заңмен күшейту керек – Президент Фото: Sn.kz

Қасым -Жомарт Тоқаев мұндай оқиғалар мектепте, көшеде, тіпті, үйде болып жатқанына тоқталды. Сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына себепкер болып отырғанын жеткізді.

"Тіпті ата-аналардың өздері баласына қорлық көрсетіп, оның арты қайғылы жағдайға ұласып жатады. Отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу жұмысы әлсіз. Жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметі ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарауымыз керек", деді Президент.

Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын заңмен күшейту керек. Отбасы құндылықтарын дәріптеу ісіне ерекше көңіл бөлу керектігін айтты.

"Тағы да ескертемін, біз қоғамдағы, көшедегі, тіпті әр үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етпесек, дамыған елдердің қатарына қосылуымыз қиын болады. Азаматтарымыз еркін жүріп-тұратын қауіпсіз қоғам құруымыз қажет", деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу